Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
513 541.16 4.69

Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қоғамдық кеңесі жұмысын бастады

9-12-2023, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

7 желтоқсанда Қоғамдық кеңестің бірінші отырысы өтіп, онда Кеңес қызметінің ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Ашық дауыс беру арқылы Кеңес төрағасы болып Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Геннадий Шиповских сайланды.

Қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсыныстары негізінде алты салалық комиссияның құрамы құрылып, осы комиссиялардың төрағалары сайланды:

Азаматтық қоғам саласындағы комиссияны «Қазақстанның Азаматтық Альянсының» директоры – Омашев Мұрат басқарды.

Жастар және отбасы мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы болып Жамбыл облысы жастар ұйымдары қауымдастығының президенті Дастан Исламбек болды.

Ақпарат саласындағы комиссия төрағасы болып Ұлттық БАҚ қауымдастығының төрағасы Ойшыбаев Кемелбек сайланды.

Этносаралық қатынастар саласындағы комиссияны «Өзбек этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шерзод Пулатов басқарды.

«Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының эстрада бөлімінің әртісі Әлмадиев Әлібек Мәдениет саласы бойынша комиссия төрағасы болып сайланды.

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің дінтану кафедрасының меңгерушісі – Тышхан Кеңшілік Дін мәселелері жөніндегі комиссия төрағасы болды.

Бұл ретте Кеңес мүшелері Қоғамдық кеңестің төралқасын құрады, оның құрамына Қоғамдық кеңестің төрағасы, комиссия төрағалары және Қоғамдық кеңестің жекелеген мүшелері кірді. Сонымен қатар, төралқа құрамына Қоғамдық кеңестің мүшесі болып табылмайтын, дауыс беру құқығынсыз мемлекеттік органның уәкілетті өкілі кірді.

Сондай-ақ, отырыста Қоғамдық кеңес туралы ереже бекітіліп, оның негізінде Кеңес жұмысының шарттары мен тәртібі айқындалады.

Естеріңізге сала кетейік, Қоғамдық кеңес құрамына 21 адам кірді. Кеңес толығымен азаматтық қоғам өкілдерінен, оның ішінде белгілі қоғам қайраткерлерінен, үкіметтік емес ұйымдар мен салалық бірлестіктердің өкілдерінен тұрады.

Салалық комиссиялардың және Қоғамдық кеңес президиумының құрамдарымен қосымшада танысуға болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив