Cемей-15°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Н. Сағындықова аға буын өкілдерін әлеуметтік қолдау туралы баяндады

9-12-2023, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Орталық кеңесінің кеңейтілген төралқа отырысына қатысты. Ол жиналғандарға аға буынды әлеуметтік қолдау және «Белсенді ұзақ өмір сүру» 2025 жылға дейінгі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы хабарлады.

Сөз басында Назгүл Сағындықова аға ұрпаққа қамқорлық жасау, қарттардың өмір сүру сапасын жақсарту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

«Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда демографиялық көрсеткіштерде көптеген оң үрдістер байқалады. Мәселен, халық санының өсуі орын алды, туу көрсеткіші өсті, сәбилер мен аналар өлімі қысқарды, осы жылдар ішінде халықтың табиғи өсімі 5 млн-нан астам адамды құрады, ел азаматтарының орташа жасы 32 жасты құрайды. Ер адамдардың өмір сүру ұзақтығы 7,7 жылға, әйелдердікі 6 жылға артты. 2022 жылы жалпы өмір сүру ұзақтығы 74,44 жасты құрады, бұл ковидтік кезеңнің алдындағы 2019 жылмен 73,18 жыл салыстырғанда жоғары», – деді ол.

Бұл ретте вице-министр Қазақстанда, бүкіл әлемдегі үрдіс сияқты, 65 және одан жоғары жастағы адамдар санының өсу үрдісі байқалатынын атап өтті. Еліміз 2017 жылы қартайған халқы бар елдер тобына кірді – 65 жастан асқан адамдардың үлесі 7% - дан асады. БҰҰ сарапшылары Қазақстан қартаю қарқыны жеделдетілген мемлекеттерге жатқызды. Олардың болжамы бойынша, 2050 жылға қарай елде 3,4 млн адам немесе халықтың 14% - ы 65 жастан асқан қарт адамдар болады деп күтілуде.

Осыған байланысты Назгүл Сағындықова салауатты және лайықты ұзақ өмір сүру қазақстандық қоғам дамуының маңызды негізі болуға тиіс екенін атап өтті.

«2021 жылғы ақпанда Министрліктің бұйрығымен Аға буын азаматтарының жағдайын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі «Белсенді ұзақ өмір» іс-шаралар жоспары бекітілді. Оның негізгі мақсаты – белсенді ұзақ өмір сүру призмасы арқылы аға буынды әлеуметтендіру. Жоспарда 9 бағыт бойынша 38 іс-шара көзделген.

Жоспар аясында 17 белсенді ұзақ өмір сүру орталығын ашу жоспарланған болатын, алайда жоба азаматтарымызға оң әсер етуде, осыған байланысты бүгінде 83 орталық жұмыс жасауда. 2023 жылдың басынан бастап орталықтарда 85,4 мыңнан астам қызмет алушыға 649,2 мың түрлі қызмет көрсетілді», – деді вице-министр.

Жоспар шеңберінде Қазақстан үшін алғаш рет Еуропалық Одақ елдерінде қолданылатын «Белсенді ұзақ өмір сүру индексі» есептелді. Бұл егде жастағы адамдардың экономика мен қоғам өміріне үлес қосу мүмкіндіктерінің қаншалықты пайдаланылатынын және олардың қоршаған ортасы бұл үшін қаншалықты қолайлы екенін сипаттайтын кешенді сандық көрсеткіш.

«Индекс қарттардың 4 индикатор бойынша қатысуын қамтиды: жұмыспен қамту; қоғам өміріне қатысу; тәуелсіз, салауатты және қауіпсіз өмір сүру; белсенді ұзақ өмір сүру үшін қолайлы орта», – деп түсіндірген Назгүл Сағындықова республика бойынша белсенді ұзақ өмір сүру индексі ерлер және әйелдер үшін де 38,4% - ды құрағанын атап өтті.

Сонымен қатар, вице-министрдің айтуынша, елімізде белсенді ұзақ өмір сүру әлеуеті толық пайдаланылмаған. Бұл ретте индекстің жиынтық мәні бойынша Қазақстан 30 елдің ішінде 9-орында тұр.

Сондай-ақ Назгүл Сағындықова өз сөзінде Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін 2030 жылға дейін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы туралы хабарлады.

Мәселен,2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылға дейін ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерін ең төмен күнкөріс деңгейінің 54%-дан 70%-ға дейін, ең жоғары базалық зейнетақы ең төмен күнкөріс деңгейінің 100 %-ынан 120 %-ына дейін кезең-кезеңмен арттыру көзделеді. Сондай-ақ, жыл басынан бері ортақ зейнетақыны есептеу үшін қабылданатын ең жоғары табыс мөлшері 46-дан 55 айлық есептік көрсеткішке дейін өсті.

«Бұл шаралар 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27%- ға арттыруға және қазіргі ғана емес, болашақ зейнеткерлердің де зейнетақыларының тиісті мөлшерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті.

Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2028 жылға дейін әйелдердің зейнет жасы 61 жас деңгейінде тоқтатылды.

Вице-министр Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде аға буын үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің негізгі үш бағыты туралы айтып берді.

«Осылайша, «Күміс жас» жобасы зейнеткерлік жасқа дейінгі азаматтарға ресми зейнеткерлікке шыққанға дейін жұмыс істеуге және сол арқылы лайықты қарттықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы жылдан бастап жобаға қатысушылар контингентіне 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтар енгізілді, қатысу мерзімі 36 айға дейін, сондай-ақ қатысушылардың жалақысы бойынша субсидиялар мөлшері ұлғайтылды. 2023 жылғы 4 желтоқсандағы жағдай бойынша жоба аясында құрылған жұмыс орындарына 50 жастан асқан 15,1 мың адам жұмысқа орналастырылды», – деді Назгүл Сағындықова.

Екіншіден, Skills.enbek.kz кәсіптік онлайн оқыту платформасы арқылы «өмір бойы оқытуды» танымал ету арқылы зейнеткерлік жасқа дейінгі жұмыс күшінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру көзделген.

Үшіншіден, жас мамандар үшін тәлімгерлікті дамыту бойынша «Ұрпақтар келісімшарты» жобасын іске асыру жалғастырылды.

Сондай-ақ, аға буын өкілдеріне жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында 592 бос орындар жәрмеңкесі өткізілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив