Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
513 541.16 4.69

Сенатта мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту мәселелері талқыланды

12-12-2023, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Сенатор Бекболат Орынбековтың төрағалық етуімен Сенатта «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасындағы Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың мониторингі жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

Кеңестің жұмысын ашқан сенатор Орынбеков бұл алаң мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жетілдірудегі жүйелі мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін құрылғанына тоқтала келіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы бағытта кешенді жоспар әзірлеуді тапсырғанын атап өтті.

«Еліміздегі мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің дамуына кедергі келтіретін жүйелі мәселелерді шешу үшін мемлекет пен бизнеске көмектесу – Кеңестің басты міндеті. Парламент өкілдері ретінде оларды талқылауға және заң шығару қызметі арқылы өз үлесімізді қосуға әрқашан дайынбыз», - деді сенатор Бекболат Орынбеков.

Кеңеске қатысушылар «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне бюджеттік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Концессиялар туралы» ҚР Заңының күші жойылды деп тану туралы» жаңа заң жобасына қатысты мәселелерді талқылады.

Сенат депутаты Бекболат Орынбеков отырысты қорытындылай келіп, кеңеске қатысушылар «Атамекен» ҰКП мен мүдделі мемлекеттік органдарға жіберетін ұсынымдар әзірлейтінін атап өтті.

Суретті түсірген: А. Байжұманов

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив