Сауда және интеграция мәселелері бойынша Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізілді
Сауда министрлігінде Руслан Шаекиннің төрағалығымен Сауда және интеграция мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы өтіп, онда бизнестің бірқатар өзекті мәселелері қаралды.
Сонымен, «Балалар әлемі – ҚАЗАҚСТАН» ЖШС мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі директоры Алексей Ивановтың сауда орталықтарында орналасқан бірқатар дүкендер үшін интернетке сапалы және тұрақты қолжетімділікпен ұялы байланыс қызметтерін пайдалану мәселесі туралы сұрағы қаралды. Сондай-ақ Алексей Иванов байланыс мәселесі дүкеннің жұмысына да әсер етіп, тұтынушылардың наразылығын тудыратынын қосты.
«Біз сауда орталықтарының қауымдастығы ретінде сауда дұрыс бағытта жүруі үшін станцияларды орнатуға толық келісеміз. Сондықтан шешім тауып, заңнамалық тұрғыдан бекітуді сұраймыз», - деді ҚР өңірлік сауда жылжымайтын мүлік иелері Қауымдастығының Басқарма төрағасы Руслан Шаекин.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілі – телекоммуникация комитеті төрағасының орынбасары Гүлнар Бөкеева жобаның әзірленгенін және қазір депутаттардың қарауында станцияларды салу және орнату үшін орындарды көздейтін норма бар екенін атап өтті.
Отырыстың күн тәртібі аясында Қант, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының президенті Айжан Наурзғалиева қазақстандық өндірушілердің өнімді экспортқа өткізу мақсатында Global G.A.P стандартын алуы тыңдалды.
«Global G.A.P стандарты - бұл ең жақсы ауылшаруашылығы тәжірибесінің стандарты болып табылады және экспортты ілгерілету құралы бола алады. Қазір шетелдік тұтынушылар тарапынан қазақстандық өнімге деген қызығушылықтары және Ауғанстанға, Латвияға, Польшаға сәбіз, картоп, пияз жеткізуге деген өтінімдер бар, бірақ өнімді жеткізудің басты шарты - Global G.A.P сертификатының болуы. Қазақстанда тек 3 компания сертификат алды: 2-і Алматы облысында және 1-і Көкшетауда», - деді Айжан Наурзғалиева.
Бұл ретте Қауымдастық президенті аталған жобаны ілгерілету бойынша жұмыс тобы құрылғанын, қазір топ сертификаттауға бағытталған компанияларға Global G.A.P бойынша қандай стандарт талаптарын қажет ететіндігін түсінуге мүмкіндік беретін ұлттық сәйкестендіру құжатын әзірлеп жатқанын қосты.
Сонымен қатар, отырыста Қоғамдық кеңестің мүшесі Василий Михалченко өлшеу құралдарын тексеру және калибрлеу бойынша, оның ішінде Анықтамалық орталықта жүргізіліп жатқан күрделі жөндеуді ескере отырып, уақтылы жұмысты қамтамасыз ету қажеттігі туралы мәселе көтерді.
Өз кезегінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев аталған мәселе бойынша әзірленген шешімдер туралы баяндады.
Бұдан әрі отырыс барысында майлы дақылдарды қайта өңдеушілер Ұлттық Қауымдастығының Басқарма төрағасы Ядыкар Ибрагимов май саласы саласында бірқатар шараларды ұсынды:
Ядыкар Ибрагимов Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысының жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізе отырып, терең өңдеу жөніндегі басым және перспективалы бағыттар тізіміне майлы дақылдарды қосуды, атап айтқанда, терең өңдеу жөніндегі жобаларды іске асыру кезінде инвестициялық салымдарды өтеу үлесін 50% - ға дейін арттыру қажеттігін айтты. Ибрагимов сонымен қатар ішкі нарықта қайта өңдеу қуаттылығының профицитіне байланысты майлы дақылдарды қайта өңдеу бойынша жаңа кәсіпорындар салу кезінде салықтық преференциялар мен шығыстардың бір бөлігін субсидиялауды жоюды ұсынды.
Сонымен қатар, отырыс шеңберінде баждарды нөлдеу және кеңсе қағазының орамдарын әкелуге квота беру, «Қазақстанда жасалған» жобасы шеңберінде дәстүрлі тамақ өнімдері мен қолөнер бұйымдарын тіркеуді ілгерілету, сондай-ақ аккредиттеу субъектілерінің эталондық жабдықтарын метрологиялық қамтамасыз ету мәселелері қаралды.