«ҚТЖ» ҰК» АҚ желісінде ақпанның бірінші онкүндігінде көмір мен астық тиеу өсті
2023 жылғы ақпанның бірінші онкүндігінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бойынша жалпы тиеу 6,9 млн тонна жүкті құрады. 335 мың тонна астық тиелсе, оның ішінде Қазақстан бойынша – 76,2 мың тонна (өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда өсім 150,8%).
Сонымен қатар 3,2 млн тонна көмір, оның ішінде Қазақстан бойынша 2,3 млн тоннасы тасымалданды (өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда өсім 103,1%). Көмір тиеу тәуліктік бақылауда. Жүк жөнелтушілердің өтінімдеріне сәйкес жылжымалы құрамды толық көлемде қамтамасыз ету ұйымдастырылды.
Компания жылыту маусымының басталуы қарсаңында 2022-2023 жылдарға арналған көмір тасымалдауды қамтамасыз ету жөніндегі жол картасын бекітті. Оған сәйкес алдын ала жоспарлау, тасымалдарды маршруттау, вагон және локомотив паркін дайындау жүргізіледі.
Сонымен қатар, өткен жылдың шілде айынан бастап көмір тасымалдау бойынша жедел штаб, жол бөлімшелерінде мониторингтік топтар ұйымдастырылды. Күнделікті негізде штаб отырыстары өткізіліп, онда жүк жөнелтушілермен бірлесіп туындаған айналымды орындау және жүк операциялары кезіндегі вагондардың тоқтап қалуын қысқарту мәселелері шешімін табады.
Вагондар айналымының уақытын қысқарту үшін көмір разрездерімен бірлесіп айналма және жөнелту маршруттары ұйымдастырылды.