Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
513.68 583.03 6.24

Сенаторлар еңбек ету барысында зиянды жұмыс атқаратын адамдарды әлеуметтік қорғау мәселесін талқылады

12-12-2023, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды талқылады.

Құжат қоғамдық бірлестіктер мен еңбек ету барысында зиянды жұмыс атқаратын адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.

Заң еңбек ету кезінде зиянды жұмыс атқаратын қызметкерлердің әлеуметтік қамсыздандырылуын арттыруды, жалақының ең төменгі мөлшерін белгілеудің жаңа әдістемесін енгізуді және қызметкерлердің жұмысындағы міндетін орындау кезінде жазатайым оқиғадан сақтандыру мониторингін қамтамасыз етуді көздейді.

Сенаторлардың айтуынша, заңның қабылдануы қоғамдық бірлестіктерде ұлттық заңнаманы және құқық қолдану тәжірибесін одан әрі жетілдіруге және жұмыс жағдайында зиянды істерді атқаратын адамдарды әлеуметтік қорғауға ықпал ететін болады.

Комитет мүшелері талқылау қорытындысы бойынша заңды Палата отырысында қарауға жіберу туралы шешім қабылдады.

Суретті түсірген: А. Байжұманов

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив