Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.71 505.8 5.63

Аида Балаева Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің басшысы Фолькер Фробартпен кездесті

13-12-2023, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Астанадағы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның бағдарламалар кеңсесінің басшысы Фолькер Фробартпен кездесті.

Тараптар кездесуде кеңінен талқыланып жатқан «Масс-медиа туралы» заң жобасына қатысты пікір алмасты.

Министр заң жобасымен жұмыс барысында Парламент қабырғасында 20-дан астам отырыс өткізіліп, 200-ден аса толықтыру енгізілгенін айтты.

Кездесуде алдағы бірлескен жобалар да талқыланды. Атап айтқанда, тараптар мемлекеттік қызметшілерді қоғамдық кеңістікте жұмыс істеу бойынша оқытуда ынтымақтасуға, сондай-ақ көпшілік алдында сөйлеуге қатысты ұсыныстарды қамтитын бірлескен әдістемелік құралдар әзірлеуге келісті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив