Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
446.56 512.34 5.3

Министр Дархан Қыдырәлі Фолькер Фробартпен кездесті

28-02-2023, 09:34 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің басшысы Фолькер Фробартпен кездесті.

Дархан Қыдырәлі министрлік Мемлекет басшысының алға қойған міндеттері аясында еліміздің медиа индустриясын кешенді түрде зерделеп, пысықтап жатқанын атап өтті.

Жүздесу барысында тараптар, қоғам сұраныстарын және медиасфераның даму тенденцияларын ескере отырып, "Масс-медиа туралы" заң жобасын әзірлеу бойынша өзара пікіралмасты.

Сонымен қатар министр интернет ресурстардың, онлайн платформалардың қызметі, сондай-ақ, "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" жобасы қарастырылып жатқанын айтты.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Министрлік пен ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар кеңсесі тығыз ынтымақтастықта бірқатар іс-шараларды бірігіп жүзеге асыруда.

Қорытындыда министр мен Фолькер Фробарт алдағы уақытта да бірлескен жобаларды жалғастыруға өзара ниет білдірісті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив