Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Med 365 Алтын сапа иегері

13-12-2023, 13:55 018.kz

Med365 компаниясы – «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша «Алтын сапа» байқауында жеңіске жетті. 12 желтоқсанда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы «Алтын сапа» сыйлығының жеңімпаздары марапатталады. Үш санат бойынша төрт номинацияда жеңіске жету үшін отандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсетуші үздік компаиялар сайысқа түсті.Биылғы жылы «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша ақтық сайысқа шыққан 27 үміткердің арасынан (барлығы 221 компания өтінім берді) бас жүлдеге MED365 компаниясы ие болды. 

«Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарын табыс етуге арналған салтанатты жиында сөз алған Президентіміз: «Қазақстанда жасалған» деген таңба ең мықты сапаның, ең жақсы өнімнің белгісіне айналуға тиіс.  «Алтын сапа» байқауының басты мақсаты – осы.» дей келе.

– Елімізде IT секторы қарқынды дамуда. Озық мемлекеттер экономикасындағы бұл саланың үлесі жыл сайын ұлғайып келеді. Былтыр отандық IT индустрия экспорты бес есе өсті. Мен оның көлемін 2026 жылға қарай бір миллиард долларға жеткізу міндетін жүктедім. Біз ірі өнеркәсіптік өндірістен бастап, шағын сервистік жобаларға дейінгі экономиканың барлық саласын одан әрі цифрландыруға баса мән береміз. Бірақ босаңсуға, жетістіктерге тоқмейілсуге болмайды. Еліміз жаһандық цифрлық технология орталығы ретіндегі орнын нығайтуы керек. Қазақстан ірі халықаралық IT компаниялардың кеңселері орналасатын аумақ бола алады және болуға тиіс, – деді Мемлекет басшысы.

Орайы келгенде осы Стартап – Қазақстан тарихындағы ең жоғары марапат «Алтын сапа» сыйлығына ие болған алғашқы IT компания атанғанын да біле отырыңыздар. 

Конкурстың басты критерийі – ұйымның өнім немесе қызмет сапасы саласындағы елеулі нәтижелерге қол жеткізуі, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі, сондай-ақ ұйымның сапаны басқарудың жоғары тиімді әдістерін енгізуі болып табылады.  

MED365 компаниясының негізгі өнімі – медициналық тексерудің автоматтандырылған жүйесі (МТАЖ), бұл түрлі кәсіпорындардың қызметкерлеріне ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі медициналық куәландыруды жүргізуге көмектеседі. МТАЖ тонометрмен, термометрмен, алкотестермен және пупиллометрмен жабдықталған. Бір минуттың ішінде автомат – адам денсаулығының деректерін жинайды және талдайды, ақпаратты дәрігердің компьютеріне жібереді және ол қызметкерді жұмысқа жіберуге немесе жібермеуге ұсыныстар береді. Одан әрі, күнделікті мәліметтер негізінде бағдарлама адамдардың денсаулық жағдайын динамикалық талдайды және теріс өзгерістер болған жағдайда алдын-алу шараларын қабылдау үшін дәрігерге белгі жібереді.      

МТАЖ бірнеше маңызды мәселелерді шешеді: физикалық тексеруге уақытты қысқартады, адами факторлардың рөлін төмендетеді, кәсіпорындарда жарақат алу мен өлім қаупін азайтады

«Салауатты ұлт» ұлттық жобасы шеңберінде компания ерекше пилоттық жобаны да іске қосты. Әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау жобаның басты мәні – ауылдық медициналық пункттерді дәрігерлердің планшеттерімен интеграцияланған мобильді МТАЖ жарақтандыру болып табылады. Бұл телемедицина бағытында өңірлердегі денсаулықсақтау саласындағы өзекті мәселелерді шешуде үлкен рөл атқарады. 

2020 жылы құрылғаннан IT, медициналық жабдықтар өндірісі саласында қызмет атқарып келе жатқан компания директоры Арман Баймұханов. Құрылтайшысы Шыңғыс Құлахметов. 

Орайы келгенде заман талабы, қоғамның нағыз қажеттілігіне сәйкес жоба аясында елу адам еңбек етіп жатқан топ Алматы қаласында «Қазақстанның үздік тауары – 2022», «Қазақстанның үздік тауары – 2023» сыйлықтарымен марапатталғанын да айтып өткен жөн. Сондай-ақ, ең мықты жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар және тауарөндірушілер бақ сынайтын алтын сапа байқауының өткен жылғы қортындысында «Іскер» атты арнайы сыйлықпен марапатталған болатын. 

MED 365 еңбегі мен есімі мемлекетімізде танымалдыққа ие болып қалған компания. Стартап халықаралық нарықтарда, атап айтқанда MENA және АҚШ елдерінде алға жылжудың алғашқы қадамдарын да сәтті бастап үлгерген. 

Жарқын жетістікке қол жеткізген жалынды жастардан құралған компанияға әлемдік нарықтағы үздіктердің үздігі бола беріңдер деген тілектестік білдіреміз. 

Ермек ТҰРСЫНҰЛЫ

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив