Заң шығару қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті
ҚР Әділет министрі Азамат Есқараевтың төрағалығымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Оған ҚР Парламентінің депутаттары мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
Ведомствааралық комиссия отырысында жобалар бойынша келесі консультативтік құжаттар қабылданды:
1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне норма шығармашылығын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
3. Қазақстан Республикасының цифрлық коды.
4. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру саласындағы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».
5. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Азамат Есқараев комиссия мүшелеріне тиімді заңнамалық қызметке бағытталған заң жобаларын әзірлеуге қатысты мәселелерді талқылауға белсенді қатысқандары үшін алғыс білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, Заң шығару қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссия заң шығару жөніндегі бастамаларды талқылаудың тиімді алаңы болып табылады.