Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.96 533.03 5.22

Семейде фэнтези жанрында кітап жарық көрді

16-02-2023, 16:13 018.kz

Күні кеше Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханада фэнтези жанрында жазылған «Бәйтерекке жол» атты кітап халық назарына ұсынылды,- деп хабарлайды 018.kz тілшісі.

Кітаптың автор белгілі журналист - Айман Шәріпханова. 

Айта кетейік, замануи қазақ әдебиетінде бұл жанрда кітап тұрмақ, әңгімелер өте сирек кездеседі. Содан болар, оқырмандардың таңдауы шетелдік әдебиетке түседі. Осы жайтты ескере отырып, Айман Шәріпханова ерекше роман жазуға бел буды. 

Шығарма желісінде мейірімділік пен зұлымдыққа қатысты оқиғалар суреттеледі. Романда дәстүрлі шығармаларда кездесетін қазақ батырлары, Жезтырнақ, Албасты кемпір сынды кейіпкерлер кездеседі. 

"Бұл романда мен позитивті кейіпкерлердің жағымсыз болмысымен қалай күресетінін біріктіре алдым", − деді автор.

Сондай-ақ, халық жадынан шығып бара жатқан дәстүрлер кітап беттерінде ерекше бояу беріп жарық көрді.

Алдағы уақытта автор жас көрермен назарын аудару үшін кітап дизайнын жаңартуды көздеп отыр.

Наргиз АЙДЫН

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив