Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Орман қорын қалпына келтіру мәселесі талқыланды

16-12-2023, 10:27 018.kz

Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың төрағалығымен бастамашыл топтың отырысы өтті. Топтың құрамында Абай облысы әкімдігінің басқарма басшылары, прокуратура мен жергілікті құқық қорғау органдарының, «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері бар.

Отырыстың күн тәртібінде орман қалдықтарын қайта өңдеу, санитарлық тазалау және орманды қалпына келтірудің тиімді алгоритмін әзірлеу мәселесі қаралды.

«Орманды қалпына келтіру – нақты және кәсібилікті талап ететін маңызды мәселе. Тиімді алгоритм құрып, қатаң бақылауда болатын іс-шаралар жоспарын құрып, оған барлық қажетті күштерді тартуымыз керек. Сондықтан біз қоғам және өкілетті органдар тарапынан ұсыныстарын айтатын бастамашыл топ құрдық. Өңіріміздегі орман қорын қалпына келтіру үшін барлық күштерді біріктіруіміз қажет», – деді облысы әкімі орынбасары.

Жиында санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізу үшін өрт шалған аймақты кварталдарға бөлу туралы бастама ұсынылды. Сондай-ақ орман шаруашылығы кәсіпорындарының күйік шалған ағаш қалдықтарын тікелей сол жерде өңдеу мүмкіндігі талқыланды. Жиында осы санитарлық тазалау жұмыстарына мүдделі кәсіпкерлерді де тарту туралы ұсыныс айтылды.

Отырыс қорытындысына сәйкес Димитрий Гариковтың тапсырмасымен жұмыс тобы құрылды. Сонымен қатар, міндетті хаттамалар толтырылатын тағы да отырыстарды өткізу бекітілді.

Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив