Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
501.02 597.27 6.59

Елеке сазы

Елеке сазы қорымы — біздің дәуірімізге дейінгі VIII-VII ғасырлардағы ерте сақ кезеңінің адам қолы тимеген тарихи орын. Антропологтардың айтуынша, табылып отырған сүйек 17-18 жастағы жігіттікі. Оның бойы — 160-170 сантиметр. Онымен бірге жерленген жәдігерлер жақсы сақталған, сол себепті «Алтын адамның» костюмі мен сырт келбетін қалпына келтіруге мүмкіндік бар. Жерленген адамның киімі басынан-аяқ алтынмен апталған. Бозбаланың мойнында оның биік әлеуметтік мәртебесі болғанын айғақтайтын бақыр бар. Қорамсақ пен алтын қынға салынған қанжары да бірге жерленген. Табылған жәдігерлер біздің заманымызға дейінгі сегізінші ғасырдағы ата-бабаларымыздың мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігін сипаттайды.


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив