Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Басты бағдар – ғылым мен жоғары білім

19-12-2023, 16:02 SHAKARIM UNIVERSITY
Ағымдағы жылы Қазақстан ғылымы мен жоғары білімі саласында оң өзгерістердің болғаны барлық бағыттар бойынша, соның ішінде, ғылым мен технологияны, инновацияны дамыту бағытынан ерекше байқалды. Ұлттық ғылым академиясының сессиясында ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев: «Біз ғылымға шынайы берілген азаматтарды ғана қолдауымыз қажет. Оның жолдарын жан-жақты ойластырған жөн...»- деген еді. Мемлекет тарапынан да, ҚР БЖҒМ тарапынан да ғылым саласын дамытуға бұрын-соңды болмаған қолдау көрсетіліп жатыр.
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында еліміздің бәсекеге қабілетін арттыратын негізгі салаларға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан аса мән берілді. ҚР ҒЖБ министрі С.Нұрбек еліміздегі ғылым саласы кезең-кезеңімен трансформацияланатынын, халықаралық тәжірибенің маңыздылығын айтты. Мұның бір дәлелі ретінде еліміздегі бірнеше ЖОО-да, соның ішінде Шәкәрім университетінде ашылған әлемдегі алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының филиалдарын айтуымызға болады.
Жоғары білім саласында министрліктің тарапынан жүргізіліп жатқан барлық реформалар, соның ішінде ғылыми-зерттеу ұйымдарының жұмысын жетілдіру және бәсекеге қабілетін арттыру, мемлекет экономикасының дамуына ықпал етуші кадрларды сапалы даярлауға жағдай жасау, ғылымды коммерцизациялау жұмысын жетілдіру және т.б. іс-шаралар өз нәтижесін беруде. ҚР жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында айқындалған заманауи оқу және ғылыми зертханаларды құру арқылы университеттердің академиялық шеберлігін дамытуға баса назар аударылды.

ҚР ҒЖБ министрлігі тарапынан қойылған талаптарды жүзеге асыруда еліміздегі өңірлік университеттердің бірі ретінде Шәкәрім университеті де өз үлесін қосуда. Жас ғылымдарды қолдау жоғары деңгейде жүргізілуде. Жас ғалымдарымыз «Жас ғалым» жобасы бойынша жыл сайын бөлініп жатқан гранттарды игеруге талпынып жатса, ғалымдарымыз әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алуда. Ғалымдардың жалақысының, білім алушылардың шәкіртақыларының өсуі, олардың ғылыммен алаңсыз айналысуы үшін бар жағдай жасалып отыр. Бүгінгі таңда ғылым мен өндірісті интеграциялау мақсатында жұмыстар жасалып жатыр. Ғалым ретінде жасалып жатқан жұмыстардың куәсі бола отырып, аталған саланы өркендетудегі қадамдардың сәтті аяқталатынына сеніміміз мол демекпін.

                                                                                                                                                                                                                   Назигүл Газизова
педагогика ғылымдарының кандидаты,
Шәкәрім университетінің
Әлеуметтік мониторинг және болжау
орталығының жетекшісі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив