Семейде діни конфессия өкілдері арасында шахмат турнирі өтті
Семей қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай діни конфессия өкілдері арасында шахматтан турнир ұйымдастырылды.
Турнирдің ашылу салтанатында Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Есенжолов, Абай облысы Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Мақсат Өмірханов, дін қызметкері Евгений Яганов, Бір мұнаралы Ағаш мешітінің бас имамы Дәулет Мақажан құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Шараның мақсаты – бейбітшілік пен келісімді нығай ту, шахмат ойынын кеңінен насихаттау.
Шахмат турниріне әр түрлі конфессиядан 20 діни бірлестік өкілі қатысты. Турнир нәтижесі бойынша аса қырағылық пен алғырлық танытқан жүлдегерлер мақтау қағаздары мен қаржылай сыйлықпен марапатталды.
Айта кетейік, Семей қаласында 40 діни бірлестік тіркелген, оның ішінде: 24 мұсылман, 4 православ, 2 католик және 10 протестанттық. Барлық діни бірлестіктермен өзара іс-қимылды дамыту және қолдау мақсатында әлеуметтік әріптестік аясында жұмыстар жүргізілуде.