Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.96 533.03 5.22

Абай облысының діни бірлестік өкілдері арасында облыстық спартакиаданың ашылу рәсімі өтті

4-07-2023, 15:20 Еркежан Қуатқызы

Бүгін облысымызда тұңғыш рет «Абай облысының Қоғамдық даму басқармасы» ММ қолдауымен кіші облыстық спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтті. 

Жарыстың мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, діни бірлестік өкілдерін дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, діни бірлестік өкілдері арасында спорт түрлері бойынша құрама командалар жасақтау, сондай-ақ, бірлестіктер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту.

Спартакиада спорттың шағын-футбол, асық ату, көңілді бастаулар, арқан тарту атты төрт түрінен өткізілді.

Жарысқа Абай облысының барлық діни бірлестіктерінен құралған 12 команда қатысты. Олар: «Абай Құнанбайұлы» мешітінің құрама командасы, «Жоламан ақ мешітінің» құрама командасы, «Төкеш Ыбырайұлы» мешітінің құрама командасы, «Қос мұнаралы» мешітінің құрама командасы, «Әбу-Бәкір Сыддық» мешітінің құрама командасы, «Тас» мешітінің құрама командасы, «Намазхан» құрама командасы, «Тыныбай» мешітінің құрама командасы,  «Христианская Евангельская Пятидесятническая Церковь «Источник жизни» жергілікті діни бірлестігі, «Евангельская Христианская Церковь «Посольство Бога» жергілікті діни бірлестігі, «Агапе» жергілікті діни бірлестігі, «Преображение» жергілікті діни бірлестігі.

 Жеңіске жеткен барлық командалар кубок, диплом, медаль, номинациялармен марапатталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив