Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
513 541.16 4.69

Сенаторлар мемлекеттік қызметтерді жетілдіру туралы заңды қарады

20-12-2023, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Сенатор Нұрлан Бекназаровтың төрағалық етуімен Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысы болды. Онда сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі және дактилоскопиялық тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қарады.

Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленген заңның мақсаты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызметінің кейбір өзекті мәселелерін реттеу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасын жетілдіру, сондай-ақ азаматтарды дактилоскопиялық тіркеуге және «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылардың жұмыс істеуіне байланысты мәселелерді реттеу болып табылады.

Қарастырылып отырған заңмен енгізілгелі отырған маңызды жаңалықтың бірі – ерікті саусақ ізін тіркеу туралы ережелер болып табылады. Жалпы заңда 17 заңнамалық актіге, оның ішінде Қазақстан Республикасының 5 кодексіне және 12 заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылған.

Заңның қабылдануы мемлекеттік қызмет алушылардың мүддесі үшін заңнаманы жетілдіруге және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыруға оң әсер ететін болады.

Отырыс қорытындысы бойынша заңды Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылданды.

Суретті түсірген: А. Байжұманов

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив