Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
460.8 541.21 6.13

Қазақстан мен Сауд Арабиясы дипломатиялық және қызметтік/арнайы паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды

20-12-2023, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан-Сауд үкіметаралық комиссиясының аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Сауд Арабиясы Корольдігі Сыртқы істер министрінің орынбасары Әбділмажид бин Рашед әс-Самаримен кездесті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптардың өкілдері екіжақты қатынастарды нығайтуға өзінің оң үлесін қосатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік/арнайы паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды. Аталған Келісім әрбір жарты жылда 90 күнтізбелік күнге дейін кіру кезінде дипломатиялық және қызметтік паспорт иелерін визалық талаптардан босатады. Келісім күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің аяқталғаны туралы тараптардың соңғы жазбаша хабарламасын дипломатиялық арналар арқылы алған күннен кейін 30 күн өткен соң күшіне енеді.

Осы Келісім ережелері Сауд Арабиясына діни қажылық жасау мақсатында келетін Қазақстан азаматтары – дипломатиялық және қызметтік паспорт иелеріне қолданылмайды. Бұл ретте, олар осындай мақсаттарға арнайы берілетін визаны алуы тиіс екенін атап өту қажет.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив