Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
513 541.16 4.69

Түркияда «Ұлы Дала Алтыны» көрмесі таныстырылды

21-12-2023, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Анкарадағы тарихи Анадолы өркениеттер музейінде «Ұлы Дала Алтыны» атты көрме ашылды. Көрменің авторы – танымал археолог, профессор, тарих ғылымдарының докторы – Зейнолла Самашев.

Көрмеге әйгілі Берел, Елеке сазы, Қарақаба археологиялық орындардан табылған жәдігерлер топтамасы қойылды.

Берел қорымынан табылған ат әбзелдері мен әйелдер киімдерінің ғылыми реконструкциялары көрмедегі ең көз тартатын жәдігерлердің бірі болды. Сонымен қатар, VIII ғасырда өмір сүрген жауынгер-музыканттың реконструкциясы, Қатонқарағай ауданы Қарақаба қорымынан табылған музыкалық аспаптар, дулыға маскасы, әшекейленген жауынгерлік белбеу, қынап, қылыш, садақ пен жебелер, Қимақ қағанаты жауынгерінің қару-жарақтары мен киімдері көрермендерге таныстырылды.

Тоқыма бұйымдарының реконструкциялары Венгрия шеберханасында арнайы табиғи жібек матадан жасалған.

Көрменің маңызды элементі - №11 Берел қорғанынан (б.з.д. IV-III ғғ.) табылған ат әбзелдері болып табылады. Ат әбзелдерінің салатанатты әшекейлері оның дәрежесіне қарай ерекше керек-жарақтары болуымен, атап айтқанда, алтын өрнектермен безендірілген ағаш мүйіз маскасымен және былғарымен ерекшеленеді. Ершік полиморфты жануарлардың бейнелерімен безендірілген.

Экспонаттар елімізде біздің дәуірімізге дейінгі 1 мыңжылдықта дамыған қоғам мен өзіндік ерекше мәдениеті бар көшпелілер «өркениетінің» болғанын, оның қабаттасуы көшпелі мал шаруашылығына, тау-кен өнеркәсібіне, металлургияға және озық қолөнерге негізделгенін дәлелдейді.

Көшпелілер дәуіріндегі зергерлік бұйымдар өркениет дамуының ең биік деңгейін, сондай-ақ, өткен ғасырлардағы зергерлердің тамаша шеберлігін көрсетіп, қазақ халқының тарихына жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, дәл осы күні музейде археолог, профессор, тарих ғылымдарының докторы Зейнолла Самашевтың «Көне түрік бейнелеу өнері» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив