Семейде энергетика саласының мамандарына құрмет көрсетілді
Бүгін қалалық мәдениет сарайында Энергетиктер күніне арналған салтанатты концерт өтті. Оған Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов және энергетика басқармасының басшысы Серик Туленбергенов қатысты. Жиын барысында қала әкімі әр ауданнан келген сала мамандарына «Еңбек сіңірген энергетик», «Құрметті энергетик», «Электр энергетика саласына қосқан үлесі үшін медалдарымен марапаттап, облыс әкімінің алғыс хаттарын табыстады.
Бұдан бөлек, қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов қалағадағы энергетика саласына еңбегі сіңген мамандарға алғыс айтып құттықтау сөз сөйледі.
«Сіздер күн сайын ауа райының маусымы мен мерзіміне қарамастан, қаламыздың игілігіне адал қызмет етесіздер. Өндірістік міндеттерді орындау және өзара көмек көрсету жауапкершілігі үшін әріптестеріме Семей қаласы әкімдігі атынан зор алғысымды білдіремін»,- деп атап өтті Нұрбол Нұрсағатов.
Шара барысында қала әкімі қарапайым еңбегімен көзге түскен «Теплокоммунэнерго» МКК және «БЭСК” АҚ мамандарына Құрмет грамотасы мен алғыс хаттар табыстады.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күніне орай мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды салтанатты түрде тапсыру рәсімінде сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзіМемлекет басшысының еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте сөйлеген сөзі