Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
501.02 597.27 6.59

Қазақстан Елшісі Норвегия Короліне сенім грамотасын тапсырды

17-02-2023, 09:47 Думан Кенжеғазыұлы

Осло, 2023 жылғы 16 ақпан – Қазақстанның Елшісі Әділ Тұрсынов Ослодағы Король сарайында Норвегия Королі Харальд V-ге сенім грамотасын тапсырды.

Салтанатты рәсімнен кейінгі ресми қабылдау кезінде Норвегия Королі Қазақстанның заманауи дамуына қызығушылық танытып, Осло мен Астана арасындағы достық қарым-қатынастардың маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде қазақстандық дипломат Норвегия Королін елімізді жан-жақты дамыту мақсатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған ауқымды реформалардың жүзеге асырылып жатқаны туралы хабардар етті.

Сұхбаттасушылар өңірлік және жаһандық саясат мәселелерін де талқылады, сондай-ақ қазақстандық және норвегиялық спортшылардың халықаралық аренадағы бірқатар жоғары жетістіктеріне тоқталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив