КБҰО ҰБЖ дамыту бойынша 2023 жылға соңғы семинарын өткізді
Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган (бұдан әрі – КБҰО) Ұлттық біліктілік жүйесін (бұдан әрі – ҰБЖ) дамыту шеңберінде кезекті оқыту семинарын өткізді.
Семинарға мүдделі мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП, жұмыс берушілер қауымдастығының, еңбек мобильділігі орталықтарының, білім беру және т. б. ұйымдардың 80-нен астам өкілі қатысты.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және КБҰО өкілдері семинарға қатысушыларға «Кәсіптік біліктілік туралы» заңның негізгі новеллалары туралы айтып берді, сондай-ақ кәсіптік біліктілікті тану саласындағы жекелеген нормативтік-құқықтық актілердің ережелерін түсіндірді.
Сонымен қатар, семинар барысында Ұлттық біліктілік жүйесінің барлық қатысушыларының тиімді өзара іс-қимылына арналған Career Enbek ҰБЖ цифрлық платформасының жұмыс принциптері көрсетілді.
Семинар барысында қатысушылар ҰБЖ дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың барлық кезеңдерін қарастырып, пікір алмасты және мәселелерді талқылады.
Семинарларды өткізу 2024 жылы да тұрақты түрде жалғасады.