Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

Әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторы бекітіледі

17-02-2023, 10:13 Думан Кенжеғазыұлы

Қорғаныс министрлігінің Ақпараттық технологиялар департаменті «Әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторын айқындау туралы» Үкімет қаулысының жобасын дайындады.

Нормативтік құқықтық актімен «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» ҚР Заңының 7-бабының 8-1) тармақшасына сәйкес әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторы болып «Қазақстан ГАЖ орталығы» акционерлік қоғамы айқындалады.

Шешімнің алдында «Арнайы құқық субъектісі мемлекеттік кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жауапкершілігі шектеулі серіктестікті айқындау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2022 жылғы
30 маусымдағы қаулысының және «Цифрландыруды құру, енгізу және дамыту мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы» Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 18 қарашадағы бұйрығының талаптарына сәйкес үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Үкімет қаулысы жобасының мазмұнымен «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде ағымдағы жылдың 1 наурызына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады:

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14408636

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив