ҚР Сыртқы істер министрі БАӘ Елшісін қабылдады
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Мұхаммед әл-Арикині қабылдады.
Кездесу барысында тараптар қазақ-әмірлік ынтымақтастығы мен халықаралық ұйымдар аясындағы елдеріміздің өзара іс-қимылының өзекті мәселелерін талқылады. Барлық деңгейдегі саяси диалогтың жоғары динамикасы мен мазмұндылығын және сауда-экономикалық пен инвестициялық өзара іс-қимылдың белсенді дамуын атап өтті.
Дипломаттар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың COP28 климаттық саммитіне қатысу үшін Дубайға жақында жасаған жұмыс сапарының қорытындысы бойынша екіжақты уағдаластықтардың іске асырылу барысы туралы пікір алмасты.
Сонымен қатар Министр М.Нұртілеу БАӘ елшісін Қазақстан мен Біріккен Әмірліктер арасындағы жан-жақты өзара іс-қимылды нығайтуға қосқан үлесі үшін Мемлекет басшысының II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттауымен құттықтады.