Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
513 541.16 4.69

Күміс Сейітова МАМ комитетінің төрағасы болып тағайындалды

25-12-2023, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Күміс Қарсақбайқызы Сейітова Мәдениет комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлады.

Ол 1970 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.

Жезқазған педагогтік институтын, жеке меншіктегі «Болашақ» академиясын, Д.А. Қонаев атындағы университетті бітірген.

Еңбек жолын 1987 жылы Дария станциясындағы желілік ауруханада кіші медбике болып бастады.

1988 жылы балабақшада тәрбиеші болды.

1993-1995 жылдары — Қазақстан жастары Жезқазған облыстық комитетінің екінші хатшысы.

1995-1997 жылдары — Жезқазған облыстық тарихи-өлкетану музейінің тарих бөлімінде кіші, аға ғылыми қызметкер.

1997-2004 жылдары Жезқазған облыстық тарихи-өлкетану музейінің тарих бөлімінде экскурсия жетекшісі, директордың орынбасары, директордың бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. 

2004-2021 жылдар аралығында ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі құрылымында жұмыс істеді.

2021-2023 ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2023 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР МСМ Мәдениет комитетінің төрағасы.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив