Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Семейде ерекше балаларға арналған жаңа жылдық кеш өтті

25-12-2023, 13:31 018.kz

Абай облысында ерекше білім беруді қажет ететін 100 балаға арналған жаңа жылдық мерекелік қойылым өтті. Іс-шараға облыстың арнайы мектептері мен интернат тәрбиеленушілері ата-аналарымен бірге қатысты. 

Сондай-ақ, жаңа жылдық кешке арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызмет алушылары арасынан спортта және шығармашылықта жетістіктерге жеткен дарынды мүмкіндігі шектеулі балалар да шақырылды.

Мерекелік кешке арнайы келген облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев «болашақтың кілті   - білімді, сауатты ұрпақтың қолында» екенін баса айтты.

«Сіздерді жаңа жылдық шырша мерекесінде көргеніме қуаныштымын. Қымбатты балалар және қадірлі ата-аналар, барлықтарыңызды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Әрқашан осылай жарқырап жүре беріңіздер. Дендеріңізге саулық тілеймін. Бұл күні тілеген барлық арман-тілектеріңіз орындалып, өмірде тек сәттілік серік болсын! Біз сіздерге сенеміз! Жаңа жыл құтты болсын!» - деді Нұрлан Ұранхаев.

Айта кетсек, биыл Абай облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен жаңа жылдық шыршаға 9 бен 13 жас аралығындағы облыс көлемінде 450 бала қатысып, олардың әрқайсысына сыйлықтар мен 100 мың теңгеге сертификат табысталды.

АНЫҚТАМА: Абай облысында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған 23 арнайы мектеп-интернат пен орталық бар, онда 6 мыңнан астам бала білім алады. Сонымен қатар, өңірде барлығы 308 мектеп бар, онда 100 мыңнан астам бала оқиды. Жыл соңында ұйымдастырылатын жаңа жылдық шыршаға қатысатын балалар тізімін әр мектептегі қамқоршылық кеңесі анықтайды. Кеңес ұсынған тізімді қалалық немесе аудандық білім бөлімдері жинақтап, көрсетілген критерийлерге сәйкес іріктеп, содан кейін арнайы комиссия тізімді бекітеді. Айта кетсек, барынша көп баланы қамту үшін жаңа жылдық қойылымдарға қатысатын балалардың тізімі жыл сайын жаңартылып отырады.

Абай облысы әкіміні баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив