3183 Ваучер Tech Orda бағдарламасы бойынша берілді
2021 жылы Цифрлық даму министрлігінің бастамасымен Tech Orda бағдарламасы алғаш рет іске қосылды. Бұл бағдарлама IT саласындағы адами капиталды дамытуға бағытталған және осы салада жеке тұлғаларды оқытуға қаржыландыруды көздейді. Ол веб-әзірлемелерді, 3D дизайнын, бағдарламалық жасақтаманы, мобильді қосымшаларды құруды, сондай-ақ Big Data және Blockchain сияқты салаларды қамтитын басым секторлардың барлық спектрін қамтиды. Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі, ал оқу ұзақтығы 6 айдан 2 жылға дейін созылады.
Бағдарлама шеңберінде іріктеуден өткен әрбір бағдарламалау мектебінде IT-мамандықтар бойынша оқыған әр кандидатқа 600 мың теңге мөлшерінде қаржы бөлінді. 2021 жылдан бастап 6351 ваучер берілді.
Биылғы нәтижелер нарыққа қатысушылардың белсенділігінің, бәсекелестіктің және IT саласындағы білім беру сапасының артқанын көрсетті. 2023 жылы аккредиттеу процесі аясында мектептерден 18179 квота бойынша 102 өтінім түсті, бұл - бағдарламалау мектептерінің мамандарды даярлауға деген үлкен сұранысының айқын көрсеткіші.
Тәуелсіз комиссияның аккредиттеуінен 82 IT-мектеп және 1 IT-компания өтті, олардың 22-нің негізі жаңадан қаланған.
Естеріңізге сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында елімізде IT-саланы дамыту қажеттігін атап өтті. Бұл елімізге заман көшінен қалмауға мүмкіндік береді. Қазір Қазақстан электронды Үкімет пен финтехті дамыту индексі бойынша әлемдік көшбасшылардың қатарында тұр.