Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
539.49 627.7 6.75

Сенатта экспорттық несие агенттігін құру туралы заң талқыланды

26-12-2023, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экспорттық-кредиттік агенттік және шикізаттық емес тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспортын ілгерілету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды талқылады.

Заңда «Қазақэкспорт» АҚ базасында Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен белгіленетін арнайы құқықтық мәртебесі бар заңды тұлға ретінде Экспорттық-кредиттік агенттік құру көзделіп отыр. Заңға сәйкес Агенттік сыртқы сауда операциясы кезінде төлемеу қаупінен сақтандырып қорғауды, экспорттық мәмілелерді орындау аясында кепілдіктерді шетелдік контрагенттермен дауларды реттеу үшін ақпараттық-консультациялық қызметтерді және т.б. ұсынатын болады.

Заңмен Азаматтық және Бюджеттік кодекстерге, сондай-ақ 8 заңға тиісті түзетулер енгізу ұсынылып отыр.

Суретті түсірген: А. Байжұманов

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив