Cемей4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар12°С
479.71 533.77 5.16

МҚІА төрағасы Президенттік жастар кадр резервінің жаңа мүшелерімен кездесті

27-12-2023, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде Президенттік жастар кадр резервінің жаңа мүшелерімен кездесу өтті. Оған Агенттік басшылығы, Президент Әкімшілігінің жауапты қызметкерлері және Мемлекеттік басқару академиясының өкілдері қатысты.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған азаматтарды құттықтады. Ол Мемлекет басшысының мемлекеттік қызметке жас дарынды мамандарды тарту жөніндегі бастамасы жаңа басқару мәдениетін қалыптастырудың тиімді тетігіне айналып отырғанын атап өтті.

Оның айтуынша, өткен іріктеу жобаның танымалдылығын кезекті рет растап отыр.

Дархан Жазықбай резервшілерді адал еңбек етуге шақырып, оларға жоғары жауапкершілік жүктелетініне тоқталды және олардың мемлекеттік басқару жүйесін дамытуға тың серпін беретініне сенім білдірді.

Кездесу барысында резервшілер өз сұрақтарын  қойып, ұсыныстарымен бөлісті.

Атап өту керек, Ұлттық комиссияның шешімімен 50 адам Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған болатын. Резервке қабылданған азаматтар саяси лауазымдарға, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына, «Б» корпусының басшылық лауазымдарына тағайындалуы мүмкін.

Резервте болу мерзімі – 3 жыл.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив