Мемлекет басшысы Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раисиге көңіл айту жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның Керман қаласында болған лаңкестік әрекет салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Ибрахим Раисиге көңіл айтты.
«Керман қаласында болған лаңкестік әрекет салдарынан жүздеген адамның қаза тапқаны және жарақат алғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым. Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге, жақындарынан айырылған азаматтарға, сондай-ақ бүкіл Иран халқына көңіл айтамын», – деп жазылған жеделхатта.
Мемлекет басшысы бақилық болғандардың жандары жәннатта болуына, ал зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына аман-есен оралуына тілектестік білдірді.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министрі Фумио Кишидаға көңіл айту жеделхатын жолдадыМемлекет басшысы Чех Республикасының Президенті Петр Павелге көңіл айту жеделхатын жолдадыҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекМемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдадыҚазақстан Президенті Пәкістан басшылығына көңіл айту жеделхатын жолдады