Cемей-7°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Ерекше өзгерістер жылы

5-01-2024, 13:10 SHAKARIM UNIVERSITY

Мемлекет басшысының еліміздің дамуына тікелей  негіз болатын, алдағы уақыттардағы ішкі және сыртқы саясатқа қатысты «Егемен Қазақстан» газетіне берген жан-жақты сұхбаты кімді болсын бей-жәй қалдырмайтын оқиға болды. Сұхбат, еліміз дамуына қатысты қоғамды толғандырып отырған мәселелерге жан-жақты жауап беріліуімен және нақтылығымен ерекшеленеді.

Сонымен бірге сұхбатта Президент ең алдымен, Қазақстан Республикасының өткен жылдағы дамуына біршама тоқталып, сол кезеңдегі ел көлеміндегі атқарылған жұмыстарға нақты деректер келтірген. Шынында, бұлар ойдан шығарылған немесе әсіре ақпараттар емес. Оның куәгерлері бүгінгі халық. Біз сонымен бірге, қайта құрылған Абай облысындағы да өткен  жылдағы атқарылған ауқымды істердің  куәгерлеріміз. Сөз жоқ, осы қалыптасқан жағымды жағдай, халықтың ертеңгі күнге деген сеніміне үлес қосатыны анық.

Президенттің осы сұхбатына бүкіл қоғамның, оның ішінде түрлі салалар ма-мандарының да үн қосатындарына кәміл сенеміз. Сұхбатта қоғам дамуының одан әрі демократиялануына үлкен мән берілген. Ел тағдырына қатысты кел-елі мәселелерді жұртшылықпен бірлесе отырып шешілетіндігі нақты айтылғ-ан. Соның бірі – осы жылдың көктем айларында шақырылуы тиіс Ұлттық Құрылтай! Былтырғы жылғы Ұлытаудағы өткен Ұлттық Құрылтайдан бастау алатын осы өтетін маңызды форумда, президенттің өз сөзімен айтқадай: «... идеология саласындағы мәселелерді, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру ісін, қоғамның құндылықтар жүйесін жаңғырту жайын  талқылайтын» маңызды ой-пікірлер айтылмақшы. Осы бағытқа сәйкес, 2024 жылы елімізде бірнеше ауқымды халықаралық саммиттер мен форумдарды өткізу көзделініп отырған көрінеді. Бұлай жасау сөз жоқ аса қажеттілік! Орталық Азияның тең ортасында орналасқан біздер, айдай әлемге өзіміздің ешкімнен кем дамымай отырғанымызды көрсетіп отыруымыз қажет. Осындай келелі жиындарда елдің дамуы үшін және сыртқы саясаттағы орнымызды нақтылайтын аса қажет маңызды мәселелер қарастырылатыны анық.  Сол сияқты еліміздің өсіп отырған  беделін, оның биылғы жылы алты халықаралық ұйымдарға төраға болуынан да көреміз.

Президент елімізде Дүниежүзілік көшпенділер ойынының да өтетінін айтып отыр. Иә, осы спорттық ойындар ертеректен-ақ Ұлы Даланың нағыз мұрагері Қазақстаннан бастау алуы керек еді. Бірақ, «Ештен де, кеш жақсы» дегендей- ін, президенттің бұл шешімінің де халықтан қызу қолдау табатыны анық. Бұл іс-шара сөз жоқ, бір шеті сонау Кіші Азиядағы түріктерден, еурропадағы венгрлерден бастап, Сібірдегі хакас, саха, алтай сияқты барлық түрік нәсілді бауырлас халықтарды қамтып, арамыздағы гуманитарлық-мәдени байланыстарды одан әрі күшейтпекші. Осы тұрғыдан келгенде, руқаниятымызға ерекше әсері бар, Қазақстанның түрік халықтары дүниесінде және әлемде беделін көтеретін, 2011 жылдан бастау алатын, елімізді шығысында, Өскеменде екі жылда бір өткізілуі тиіс «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» форумын тек археологтардың жиыны қылып емес, кезінде жер бетіне Алтайдан тарап кеткен Ұмай ана ұрпақтарының толып жатқан проблемалық дүниелерін көтеретін, елмен-елді жақындастыратын түрлі саладағы мамандар өкілдерінің жиыны қылып өткізсе нұр үстіне нұр болар еді.

Президент өз сұхбатында  мемлектіміздің тарихи негізі – Жошы ұлысының 800 жылдығын елімізде атап өтуге аса үлкен маңыз беріп отыр. Бұл пікірдің жұртшылық тарапынан үлкен қолдау табатыны анық. Дүнижүзілік тарихта «Ұлық Ұлыс» атанған Алтынорда мемлекетінің бастауларының өзі Қазақстан жерінде пайда болған Жошы Ұлысынан   бастау алатынын ескерсек, бұл да оңды шешім.

Президент үлкен, тағдырылық мәні бар мәселелерді халықпен ақылдаса отырып шешудің керектігіне маңыз береді. Оның мысалын, көптен бері ел аузында айтылып жүрген Қазақстанда АЭС салу мәселесінен де көреміз. Ол туралы президент: «АЭС саламыз ба, салмаймыз ба – мұны халық шешеді»,- деген. Сол сияқты, сұхбаттағы  азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталу, басшы қызметкерлердің өз істеріне үлкен жауапкершілікпен қарау  және т.б.мәселелер туралы айтқандары бүгінгі таңдағы аса қажеттілік.

Президенттің «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатын, алдағы жылдағы іске асырылуы тиіс, осы бағытта ел болып жұмыла жұмыс жасаса нәтижелер- ін сөзсіз беретін, нақты тұжырымдалған бағыт-бағдар деп білеміз. Осы іске  асуы тиіс игілікті шараларға үлес қосып, сәттілік тілейік

Мұхтарбек Қарпықұлы Каримов, т.ғ.к., 

Шәкәрім университетінің

«Тарих және құқық» кафедрасының профессоры

          


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив