Енді креативті индустрияны дамытушы кәсіпкерлер КТС, ЖТС және ҚҚС төлеуден босатылады

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов хабарлады.
«Қазақстанда креативтер үшін салық салу жеңілдетілді. Бұл біздің еліміздегі креативті индустрияның ауқымды дамуына жасалған үлкен және маңызды қадам. Біз әлемдік алпауыттардың шығармашылық саласындағы тәжірибесін мұқият зерттедік және қолдаудың маңызды шараларының бірі креативті экономикаға төмен мөлшерде салық салу екенін атап өттік. Енді біз өз елімізде осындай шаралардың енгізілгенін ресми түрде жариялай аламыз. Енді бизнес КТС, ЖТС және ҚҚС төлеуден босатылады. ЖК үшін 2% - дан 4% - ға дейін, ЖШС үшін 8% - ға дейін бірыңғай салық түрінде жеңілдетілген салық салу енгізіледі. Бұл шараны жылдық айналымы 2,2 млрд теңгеден аспайтын, ал штатта 200 адамнан аспайтын компаниялар пайдалана алады. Шығармашылық қызмет саласында жұмыс істейтіндердің барлығы, атап айтқанда кино, бейне контент және телевизиялық бағдарламалар, музыкалық шығармаларды жазу және басып шығару, театр және мұражай өнері, сәулет және дизайн, қолөнер, халық шығармашылығы және кәдесый өнімдерін өндіру-бұл шара Сіз үшін!», - деді ол.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзіҚазақстан Республикасының Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің бірлескен мәлімдемесіСалық саясатын реформалаудың мәні неде?