Cемей10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар12°С
479.71 533.77 5.16

Қазақстандағы креативті индустрияларға салық салу жеңілдетілді

11-01-2024, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

2024 жылдан бастап креативті индустрияларға қатысты кәсіпкерлік қызметтің 40 түрі бөлшек сауда салығы бойынша арнайы салық режимі аясында жұмыс істей бастайды.

Мұндай өзгерістер Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық экономика және қаржы министрлігі бірлесіп креативті индустрияларды қолдау шараларының жекелеген пакетін әзірлеу шеңберінде Үкіметтің қаулысына енгізілді.

Өзгерістердің арқасында кәсіпкерлер корпоративтік табыс салығын, жеке табыс салығын және қосылған құн салығын төлеуден босатылады.

Оның орнына жеке кәсіпкерлер үшін 2% - дан 4% - ға дейінгі, сондай-ақ ЖШС үшін 8% мөлшерінде бірыңғай салық енгізілетін болады.

Айта кету керек, креативті индустриялар саласында жұмыспен қамтылғандар саны қазіргі таңда шамамен 133,2 мың адамды құрайды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі осы сала өкілдерімен тұрақты түрде кездесулер өткізіп тұрады.

Институционалдық инфрақұрылымды, креативті индустрияларды қолдаудың арнайы Қорын құрудың негізгі тәсілдерін, креативті индустриялармен жұмыс істеуде мемлекеттік меншікті пайдалану тетіктерін талқылау қазір ерекше өзекті болып отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив