Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК тексеріс жүргізеді

Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК қызметін тексереді. Бұл туралы министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен кәсіпорын басшыларының қатысуымен өткен кеңесте Аудит департаментінің директоры Ғалымжан Молдаш мәлімдеді. Тексеріс ақпан айының соңына жоспарланған.
Сондай-ақ, тексеріс аясында осыған дейін жүргізілген аудиторлық іс-шаралар бойынша Жоғары аудиторлық палатаның ескертулерін жою бойынша жұмыс жүргізіледі.
Бұдан бөлек, министрлік мемлекеттік аудит объектілерінің бекітілген тізбесіне сәйкес «Нұра топтық су құбыры» ШЖҚ РМК қызметін тексеруді бастады.
«Аудиттің басты мақсаты – ашықтық, кәсіпорын мен су саласын қаржылық сауықтыру. Жоғары аудиторлық палата мен Парламент депутаттары тарапынан сұрақтар мен ескертулер бар. Сондықтан барлық кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою қажет», - деді Ғалымжан Молдаш.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекҚаржылық бұзушылықтардың алдын алу – облыс экономикасының дамуының кепіліҮкіметте Қазақстан өңірлерінің су тасқынына дайындығы қаралдыҚазақстандық мектептердің 6,8 мың түлегі – «Алтын белгіге» үміткер