Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.19 636.44 6.49

2023 жылы Ұлттық аккредиттеу орталығы 500-ге жуық «сұр» сертификаттар мен сәйкестік декларациясын анықтады

12-01-2024, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

Өткен жылы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлттық аккредиттеу орталығы өнімдер мен қызметтердің сәйкестігін растайтын құжаттардың 480 бұзылуын анықтады.

Олардың ең көп саны ЕАЭО елдерінде берілген декларациялар – 398; Одан кейін ЕАЭО елдерінің сертификаттары – 72; Қазақстанда берілген 10 «сұр» сертификат анықталды.

Сонымен қатар, жыл соңында әртүрлі заң бұзушылықтарға жол берген 50 аккредиттеу аттестатының күші жойылды немесе жартылай қайтарылды.

Берілген сертификаттар мен сәйкестік туралы декларациялардың мониторингін Ұлттық аккредиттеу орталығы аккредиттелген субъектілердің аккредиттеудің бекітілген көлемі шеңберінде жұмыстарды орындауы және ЕАЭО техникалық регламенттерінің талаптарын сақтауы үшін тұрақты негізде жүзеге асырады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив