Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

2023 жылы көрші елдерге теміржол көлігімен жүк экспорты артты

12-01-2024, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

2023 жылдың қорытындысы бойынша 2022 жылмен салыстырғанда Қытай, Өзбекстан, Ресей бағытында жүк экспортының өсуі байқалады.

2023 жылы Қытайға шекаралық теміржол өткелдері арқылы тасымалдау өткен жылмен салыстырғанда 35% өсіп, 12,7 млн тоннаға жетті. Астық, түсті металдар, мұнай өнімдері және т. б. экспорты айтарлықтай өсті.

Өзбекстанға темір жол көлігімен жүк экспорты 29%, яғни 10 млн тоннаға дейін артты.  Мұнай өнімдері, химиялық заттар мен минералды тыңайтқыштар, қара металдар теміржол арқылы экспортқа жөнелтілді. 3,5 млн тонна астық экспортталды. Көмір экспорты 1,4 млн тоннаға артып, 3,1 млн тоннаны құрады.

Өткен жылы Ресейге тиеу 1,1 миллион тоннаға өсіп, 34,6 миллион тоннаға дейін жетті. Экспорт құрылымында көмір тасымалдау 20,3 млн тоннаны құрайды. Оның ішінде 8,9 млн тонна қатты отын Ресей арқылы үшінші елдерге транзитпен жөнелтілді.  Сондай-ақ, транзитпен 4,5 млн тонна химиялық заттар мен сода, 1,7 млн тонна мұнай өнімдері, 1 млн тонна астық және т. б. экспортталды.

Жүктер тасымалы көлемінің оң серпініне тасымалдау процесіне қатысушылар іс-қимылдарының үйлесімділігі арқасында қол жеткізілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив