Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Семей қаласының сол жағалауында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының бөлімшесі ашылды

13-01-2024, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Қаланың сол жағалауында қазыналы қарияларға қызмет көрсететін «Белсенді өмір сүру орталығының» тағы бір бөлімшесі ашылды. 

Белсенді өмір сүру орталығында қызмет алушылар емдік дене шынықтыру сабақтарын, медициналық қызметтер, еңбек терапиясы, тілдік курстардан өтіп, сондай-ақ, би, домбыра үйірмесіне, психологиялық тренингтерге қатыса алады. Сонымен қатар, скандинавиялық серуендеуге шығып, үстел ойындарын да ойнай алады. Бұл бөлімше аптасына  100-ден астам зейнеткерлік жастағы адамдарға қызмет көрсете алады.

Орталықтың негізгі мақсаты - зейнеткерлік жастағы адамдарды белсенді мәдени, шығармашылық, спорттық және іскерлік өмірге бейімдеу. 

Орталықтың ашылу салтанатына Семей қаласы әкімінің орынбасары Ж. Мұқатаев,  Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы С. Жұмаділов қатысты.

«Орталық қала әкімінің бастамасымен ашылды. Осы жерде қарияларымызға,  қажетті күнделікті белсенді өмір сүруіне арналған барлық жағдайлар жасалып отыр. Алдағы уақытта арнайы зерттеу жүргізіп, халық көп шоғырланған қаланың әртүрлі аудандарында 7-8 орталық ашу жоспарымызда бар», - деп атап өтті Серік Жұмаділов.

Айта кетейік, «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» қаланың оң жағалауында, 2021 жылдың қараша айынан бері жұмыс атқарып келеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив