Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар12°С
479.71 533.77 5.16

Сенаторлар электр энергетикасын дамыту мәселелерін талқылады

17-01-2024, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары электр энергиясын дамыту мәселелері бойынша жұмыс бабындағы кездесу өткізді.

Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жұмысы барысында шағын гидроэлектростанцияларды дамытудың өзекті мәселелерін талқылау шараның негізгі мақсаты болды.

Кездесуге Сенаторлар кеңесінің мүшелері, Энергетика министрлігі мен бизнес қауымдастығының өкілдері және сарапшылар қатысты.

«Электр энергетикасы нарығын реформалау аясында электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату үлгісін іске қосу жөнінде заңнама ережелері қабылданды. Сонымен қатар, заңды іске асыру барысында жаңартылатын энергия көздері саласындағы проблемалар, оның ішінде электр энергиясына тариф қалыптастырудағы мәселелер анықталды», - деп атап өтті Сүйіндік Алдашев.

Кездесуге қатысушылар шағын гидроэлектростанцияларды дамыту және қолдау мәселелерін реттейтін қолданыстағы заңнаманы одан әрі жетілдіру мәселелерін де талқылады.

Сенаторлар кездесу барысында көтерілген мәселелерді назарда ұстайтын болды және депутаттардың заң шығару қызметінде ескерілетін болады.

Суретті түсірген: А. Байжұманов

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив