Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Сыбайлас жемқорлықты жою – ортақ мақсат

17-01-2024, 16:17 018.kz

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – әрбір мемлекет үшін маңызды міндет. Бүгінде Абай облысында мемлекеттік қызметкерлер арасында, сондай-ақ жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың ықтимал көріністерін болдырмау үшін белсенді түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлық – қазір қоғамды алаңдатқан басты мәселелердің бірі. Ол демократияның негіздерін, азаматтардың мемлекетке деген сенімін бұзып қана қоймай, ел экономикасына теріс әсер етеді. Сыбайлас жемқорлықпен күресу және оның таралуын болдырмау үшін белсенді алдын алу жұмыстарын жүргізу қажет.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы алғашқы қадам – қоғамдық сананы көтеру. Азаматтар сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы біліп, оған қарсы тұрудағы маңызды рөлін түсінуі керек. Ол үшін халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған түрлі бағдарламалар, ақпараттық іс-шараларды жүзеге асыру артық етпейді.

Бүгінде жемқорлықтың алдын алудың негізгі құрамдас бөліктерінің бірі қоғамдағы этика мен құндылықтар болып табылады. Азаматтар арасында жемқорлықтан бас тарту мәдениетін қалыптастыру мұндай тәжірибелерге жол берілмейтін ортаны құруға ықпал етеді. Сондай-ақ, осы ұстанымдарды білім беру бағдарламалары мен бала тәрбиесіне енгізу арқылы жас ұрпақ арасында адалдықты, жауапкершілікті және әділдікті дамыту маңызды.

Мәселен, Абай облысында жыл басынан бері 100-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, 10 мыңға жуық жас қамтылды.

Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында оқу орындарында жүйелі түрде «Таза сессия» акциясы ұйымдастырылады. Сонымен қатар, дөңгелек үстелдер, анонимді сауалнамалар, әлеуметтік желілерде тікелей эфирлер өткізіледі. Алдағы уақытта «Саналы ұрпақ» жастар форумы, «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» челлендждері ұйымдастырылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиені қалыптастыруда келесі міндеттерге басымдық берілді:

- сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мүмкіндіктері мен тетіктерімен танысу;

- сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру үшін қажетті құндылықтар мен көзқарастарды игеру.

Мемлекеттік органдардың ашықтығы, Қазақстанда жүргізіліп жатқан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы, eOtinish және басқада халықтың өтінішімен шағымдарын қабылдайтын сервистерін цифрландыру, ведомство басшыларының азаматтарды тұрақты қабылдауы заңсыз әрекеттерді болдырмауға көмектеседі.

Мемлекеттік басқарудағы ашықтық пен оны арттыру сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда маңызды рөл атқарады. Бұл мемлекеттік органдардың бюджеті мен шығыстары туралы ақпаратты жария етуді, мемлекеттік құрылымдарда лауазымдарға орналасуға ашық конкурстар өткізуді, сондай-ақ жұртшылық үшін мемлекеттік органдардың қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтиды.

Сонымен қатар, қоғамдағы құқық пен әділеттілікті нығайту қажет. Қазақстанда басталған сот жүйесі мен құқық қорғау органдарында реформалар жүргізу істерді бейтарап қарауды және сыбайлас жемқорларды тиімді қудалауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, азаматтық қоғамның дамуына жәрдемдесу және оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы рөлін жандандыру керек. Мәселен, өңірдегі өзекті мәселелерді қарау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылды, оның құрамында әртүрлі ведомстволардың, білім беру саласының, Қоғамдық кеңестің, ҮЕҰ, БАҚ және т.б. өкілдері бар.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – қоғамның барлық мүшелерінің қатысуын талап ететін күрделі процесс. Ол ашық және әділ басқару жүйесін құруға бағытталуы керек. Бірлескен күш-жігермен ғана біз өз қоғамымызды таза әрі саналы болуына, елдің жан-жақты дамуы мен өркендеуіне ықпал ете аламыз және «Әділетті Қазақстан» идеясын жүзеге асыра аламыз.

Абай облысы әкімі Нұрлан Ұранхаев

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив