Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар12°С
479.71 533.77 5.16

Жүзуге тыйым салынған аудандарды нақтылау қағидалары бекітіледі

17-01-2024, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Қорғаныс министрлігі «Жүзуге тыйым салынған және жүзуге уақытша қауіпті аудандарды белгілеу қағидаларын бекіту туралы» қорғаныс ведомствосы басшысының 2017 жылғы 16 тамыздағы № 455 бұйрығының жобасына өзгерістер дайындады. 

Нормативтік құқықтық актіде жүзуге тыйым салынған ауданның ескерту белгілері (қоршаулары) мақсатқа сай емес болса алынып тасталады. Мұндай өзгерісті енгізу жүзуге тыйым салынған аудандардың шекаралары теңіз навигациялық карталарында және теңізде жүзуге арналған құралдарда көрсетілгендіктен туындап отыр. Мұндай аудандарға қатысты өзгерістер теңізшілерге берілетін хабарламаларда жарияланады.

Жүзуге тыйым салынған ауданның белгіленуі туралы ақпарат алатын лауазымды адамдар мен мемлекеттік органдар көрсетілген қағидалардың 12-тармағында ҚР Қарулы Күштері Бас штабының Орталық командалық пункті ҚР Қарулы Күштері Бас штабының Ұлттық қорғанысты басқару орталығы болып ауыстырылды. Өзгеріс оның қайта құрылуына және атауын өзгертуге байланысты.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 31 қаңтарына дейін сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14897458 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив