Cемей32°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
486.47 554.77 6.26

ҚР МАМ волонтерлік қызмет тізіліміне деректерді жіберу тәсілдері туралы хабарлады

18-01-2024, 11:41 Думан Кенжеғазыұлы

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Волонтерлік қызмет тізілімін жүргізудің жаңа Ережелері күшіне енді.

Тізілімді волонтерлер мен волонтерлік ұйымдардың ерікті негізде ұсынған деректері негізінде Министрлік жүргізеді.

Тізілімге кіру үшін волонтерлер мен волонтерлік ұйымдар өз қызметі туралы ақпаратты (волонтерлік қызметтің негізгі түрлері, волонтерлердің саны, жүзеге асырылып жатқан жобалар және т.б.) volunteer@mki.gov.kz  электрондық  мекенжайына жібереді.

Тізілімге енгізу немесе бас тарту хабарлама арқылы ресімделеді және Өтініш берушіге электрондық пошта арқылы жіберіледі.

Ережелермен Министрліктің сайтында келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/documents/details/566468?lang=ru

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив