ҚР МАМ Қазақстан Республикасындағы қоғамдық кеңестердің 2023 жылғы қызметі туралы Ұлттық баяндама әзірледі
Қоғамдық кеңестердің қызметі туралы Ұлттық баяндама жетекші отандық сарапшылардың қатысуымен дайындалды.
Дайындық барысында ҮЕҰ өкілдерінің, сарапшылар қауымдастығының және қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен қоғамдық сауалнамалар, сұхбаттар мен жария талқылаулар өткізілді.
Баяндамада қоғамдық бақылаудың төрт түрін жүзеге асыратын 258 қоғамдық кеңестің (35-республикалық, 223 - жергілікті деңгей) сапалық құрамы мен қызметінің тиімділігіне талдау ұсынылған.
Ұлттық баяндаманы дайындау шеңберінде жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелері азаматтардың кеңес қызметіне деген оң көзқарасының деңгейі екі есе артқанын көрсетті. Сондай-ақ барлық мемлекеттік органдардың сайттарында құрылған арнайы бөлімдер мен www.Kazkenes.kz.бірыңғай ақпараттық порталының тиімділігін байқатты.
Кеңестердің қызметі туралы азаматтардың хабардар болу деңгейі екі есе, әлеуметтік желілер арқылы танысуы үш есеге өсті.
Жастардың кеңестердегі өкілдігі кеңейіп келеді: 2023 жылы олардың үлесі 10,2% -ды құрады.
Әлеуметтік зерттеу барысында азаматтардың 61% - ы өз өңірлерінде кеңестің мүшесі болуға ниет білдірсе, респонденттердің 51% - ы кеңестердің қызметі қоғамның ең өзекті мәселелерін анықтауға ықпал еткен.
Сонымен қатар азаматтардың 53% - ы көтерілген мәселелерді шешуге кеңестердің көмектескенін атап өтті. Әрбір үшінші респондент кеңестерді азаматтардың шешім қабылдауына тиімді құрал деп таниды.
Баяндама мәтінімен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/documents/details/574387?lang=ru