Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар12°С
479.71 533.77 5.16

Нұртөре Жүсіп пен Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады

19-01-2024, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен кездесті. Онда саладағы бірқатар өзекті мәселелер, оның ішінде мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік сапалы білім беруді қамтамасыз ету мен балалар құқықтарын қорғаудың мән-жайы талқыланды.

Депутат Сенат басшылығы мен депутаттар мектептерде орын алған жағдайларға алаңдаушылық білдіріп отырғанын министрлік жетекшісінің назарына жеткізді. Атап айтқанда, оқушылар арасындағы қоқан-лоққы мен қорқыту, жасөспірімдер қылмысы, оқушылар мен мұғалімдердің сыртқы қатерден қауіпсіздігі және т.б. мәселелер туралы айтылды.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың қазан айында республикалық педагогтар съезіне қатысқаны баршаға белгілі. Мемлекет басшысы өз сөзінде мектепті ең қауіпсіз орынға айналдыру қажеттігін атап өткен болатын. Сенаторлар Президенттің тапсырмасы мен халықтың ерік-жігерін сапалы орындау үшін Үкімет сіздің министрлік атынан қолданыстағы заңнамалық актілер мен мектеп мекемелеріндегі қауіпсіздік шараларын түбегейлі қайта қарауы тиіс деп санайды. Қажет болған жағдайда мектептердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі кешенді шараларды, оның ішінде ықтимал қауіптердің алдын алу, анықтау және жолын кесуді көздейтін тиісті құжаттарды әзірлеудің маңызы зор», - деп атап өтті Нұртөре Жүсіп.

Оқу-ағарту министрі өз кезегінде Бейсембаев сала бойынша барлық деңгейде білім алу үшін қажетті жағдайлар жасауға, білім беру жүйесін дамытуға, білім беру саласындағы тиісті нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіруге бағытталған үздіксіз жұмысы туралы депутатты хабардар етті.

Суретті түсірген: А. Байжұманов

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив