Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Антына адал ақ халаттылар

22-01-2024, 16:17 018.kz

Абай гарнизонының Әскери госпиталь қызметкерлері атыс дайындығын пысықтады. Жоспарлы жауынгерлік дайындық аясындағы  оқу – жаттығу «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты тирде өткізілді.

Алдымен, сабақ жетекшілері атыс дайындығы барысында орындалатын пәрмендерді, атысты орындау және қауіпсіздік ережелерін сақтауды түсіндірді. 

Осындай маңызды нұсқаулық сабақтарынан кейін барып жеке құрам автоматтан оқ атуға жіберілді. Нұсқаушының көмегімен нысананы көздеп, атыс жаттығуларын пысықтады. Медицина саласының кызметкерлері болса да ақ халаттылар жауынгерлік даярлықтағы өздерінің біліктіліктерінің жоғары екенін көсетті. Автоматтан оқ ату шеберлігін паш етті. Оқу – жаттығуда нысананы дәл тигізуден жоғары ұпай алғандар да бар. Жаттығудың қортындысы бойынша ең жақсы нәтижені 100-ден 89 ұпай жинаған терапия бөлімшесінің аға маман – медбикесі, ефрейтор Маржан Мұратова болды. 

- Командирлердің барлық нұсқауын орындадым. Алдағы уақытта нәтижемді бұдан да жақсартуға тырысамын. Жауынгерлік дайындығымызды арттыра беретін боламыз, - дейді Маржан Мұратова.

Анестезиология және реанимация бөлімшесінің бастығы, медицина қызметінің майоры Әсем Ануарбекованың айтуынша, жауынгерлік оқ ату жаттығулары жеке құрамның атыс дайындығын жетілдіріп қана қоймай, оқ ату дағдыларын шыңдайды. 

- Осындай оқу-жаттығулар барысында медицина қызметкерлерінің шеберліктері шыңдалады. Ер азаматтармен қатар ақ халатты нәзік жандардың көрсетіп жүрген жетістіктері жаман емес, күннен күнге артып келеді. Осымен тоқтап қалмай атыс даярлығы сабағын одан әрі жақсарта бермекпіз, - деді майор Әсем Ануарбекова.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив