Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

«Жолаушылар тасымалы» АҚ «SCAT» әуекомпаниясымен бірлесіп «пойыз+ұшақ» пилоттық жобасын іске қосты

23-01-2024, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Биыл 3 ақпаннан бастап «пойыз+ұшақ» интермодальды тасымалдау пилоттық жобасы іске қосылады. Бұл жоба «Жолаушылар тасымалы» АҚ, «SCAT» әуекомпаниясы және «UvU» компаниясымен өзара ынтымақтастығының аясында жүзеге асты. 

Жолаушыларға ұсынылатын бұл қызмет автобус, әуе және темір жол билеттерін бір бағыт бойынша сатып алуға мүмкіндік береді. Осылайша азаматтар өздеріне ыңғайлы бағытты таңдап, билет іздеуге жұмсайтын уақыттарын үнемдейді. Сондай-ақ, қызмет арқылы еліміздің барлық қалалары бойынша саяхаттау мүмкіндіктері кеңейеді. Пилоттық жоба (пойыз+ұшақ) «Қостанай-Астана-Шымкент» бағытында және кері бағытта сынақ түрінде өткізіледі.

«Қостанай-Астана-Шымкент»(пойыз+ұшақ) бағыты бойынша тақ күндерде жол жүру кестесі:
- Қостанай станциясынан №81 «Қостанай-Астана» пойызы Астана қаласына жөнелтіледі;
- Нұрлы Жол вокзалының №2 келу залының шыға берісінде трансфер Астана қаласының халықаралық әуежайына жөнелтіледі;
- Астана әуежайынан DV 772 «Астана-Шымкент» рейсі Шымкент қаласына ұшады.

«Шымкент-Астана-Қостанай»(ұшақ+пойыз) бағыты бойынша тақ күндерде жол жүру кестесі:
- Шымкент қаласының әуежайынан DV 771 «Шымкент-Астана» рейсі Астанаға қонады;
- Астана қаласы әуежайының №2 терминалының бірінші тұрақ желісінен Нұрлы Жол вокзалына дейін трансфер жөнелтіледі;
- Нұрлы Жол станциясынан №47 «Астана-Атырау» пойызы Қостанайға жөнелтіледі. 

Пилоттық жоба а.ж. 28 ақпанда аяқталады.

Жолаушылар әуе билеттерін scat.kz сайтынан, ал темір жол билеттерін bilet.railways.kz сайтынан қарай алады. Одан бөлек, қажетті мекенжайды таңдап, uvu.kz/ktz сайтты арқылы трансферге тапсырыс беруге болады.

Естеріңізге сала кетейік, интермодальды тасымалдау жобасы аясында «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Перроннан үйге дейін» және «Арнайы автобус» қызметтерін іске қосқан болатын. Жолаушылар арасында бұл қызметтердің сұранысы артып келеді.

Толық ақпаратты келесі сілтемелер арқылы алуға болады:
https://bilet.railways.kz/
https://www.scat.kz/ru/intermodal-transport/.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив