Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.34 640.73 6.53

ҚР МАМ ҮЕҰ саласындағы 2024 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарын атады

23-01-2024, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз алаңында Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы Гүлбара Сұлтанова мен орталықтың Коммуникация және ынтымақтастық департаментінің директоры Әйгерім Каримованың қатысуымен ақпараттық-түсіндіру сессиясы өтті.

Спикерлер тікелей эфирде 2024 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының міндеттері мен нысаналы индикаторларын түсіндіріп, гранттық конкурстарға құжаттарды тапсыру рәсімі туралы мәлімдеді.

Сессия барысында азаматтар гранттар мен ҮЕҰ-ны тіркеу, әлеуметтік жобалар және тағы да басқа мәселелер бойынша сұрақ-жауап түрінде кеңес алды.

Естеріңізге сала кетейік, 11 қаңтарда Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша гранттар тағайындауға конкурс жариялады. Үш бағыт бойынша жалпы 23 грант беріледі.

Қысқа және орта мерзімді гранттар бойынша өтінімдерді қабылдау ағымдағы жылғы 31 қаңтарға дейін, ал ұзақ мерзімді грант бойынша 14 ақпанға дейін жалғасады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив