Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
513 541.16 4.69

АШМ ірі қара және ұсақ мал экспортына квоталарды жаңартады

23-01-2024, 14:40 Думан Кенжеғазыұлы

12 айдан асқан бұқашықтарды әкету үшін сандық лимит 60 мың басты құрайды, оның ішінде, бордақылау алаңдары үшін – 30 мың бас; тауар өндірушілер үшін – 30 мың бас.

6 айдан асқан қойларды әкетуге арналған сандық лимит – 120 мың бас, оның ішінде, бордақылау алаңдары үшін – 30 мың бас; тауар өндірушілер үшін – 90 мың бас.

Бір бордақылау алаңынан 12 айдан асқан 4000-ға дейін бұқашықты, ал бір тауар өндірушіге-жиынтық мөлшерде 500 басқа дейін әкетуге рұқсат етіледі.

Сонымен қатар, бір бордақылау алаңынан 6 айдан асқан 1000 қойға дейін, ал бір тауар өндірушіге-500 басқа дейін экспорттауға болады.

Сондай-ақ, квоталар «Е-лицензиялау» порталында бөлінеді: квота «Сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына лицензия алған кезде автоматты түрде беріледі.

Квота толық таусылғанға дейін бөлінеді.

Бұйрықпен толығырақ мына сілтеме бойынша және «Сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидасымен мына сілтемеде танысуға болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив