Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.71 505.8 5.63

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Қазақстандағы БАӘ елшілігімен ынтымақтастықты одан әрі нығайтады

24-01-2024, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

БАӘ елшілігінде Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының төрағасы Лима Диас Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан, Тәжікстан мен Қырғызстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, доктор Мұхаммед Саид Мохамед әл-Арикамен кездесті.

Кездесу аясында бірыңғай грант операторларының қызметі, гранттық қаржыландыру жүйесі және үкіметтік емес ұйымдардың жүзеге асырып жатқан жобалары таныстырылды.

Тараптар ынтымақтастықтың басым бағыттарын, атап айтқанда мәдениет және қайырымдылық салаларын талқылады. Сондай-ақ ҮЕҰ мен қайырымдылық ұйымдарын қолдау, Қазақстандағы БАӘ бизнес-құрылымдарының корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жобаларын іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив