Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.71 505.8 5.63

Мемлекет басшысы Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзені қабылдады

26-01-2024, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Президентке Kaspi.kz компаниясы қызметінің нәтижелері мен даму перспективалары туралы мәлімет берілді.

Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе Қасым-Жомарт Тоқаевқа Kaspi.kz компаниясының АҚШ-тағы NASDAQ қор биржасында IPO-ға табысты шыққаны туралы айтты. Бұл биржада Apple, Amazon, Google және басқа да әлемдік жетекші технологиялық компаниялардың акциялары орналастырылған.

Мемлекет басшысы Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды айтулы жетістігімен құттықтады.

Сонымен қатар кездесуде елімізге әлемдік жетекші инвесторларды көптеп тарту үшін инвестициялық климатты жақсарту перспективалары талқыланды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив