Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
451.31 504.56 5.36

Қазақстан мен Тәжікстан банк саласындағы ынтымақтастық туралы келісті

29-01-2024, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу «Ориенбонк» ААҚ Басқарма төрағасы Хасан Асадуллозодамен кездесті.

Кездесу барысында сауда-экономикалық операцияларды жүргізу кезінде банкаралық есеп айырысуларды ұйымдастыру, Қазақстанның банк операцияларын цифрландыру саласындағы тәжірибесін зерделеу және т.б. салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы бірлескен жобаларды, сондай-ақ басқа да перспективалы жобаларды қаржыландыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.

Анықтама: «Ориенбонк» ААҚ активтер мен капитал мөлшері бойынша Тәжікстанның банк секторының көшбасшыларының бірі. Оның 32 филиалы, 242 банктік қызмет көрсету орталығы бар, онда 1200-ден астам қызметкер жұмыс істейді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив